Национальный Банк РК предупреждает о мошеннических схемах с использованием цифрового тенге

Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық теңге арқылы жасалатын алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде «цифрлық теңгенің мемлекеттік инвестициялық жобасы» туралы жарнаманы белсенді түрде таратып, қысқа мерзімде жоғары табыс кепілдігін және мемлекет пен Ұлттық Банк тарапынан қолдау көрсетілетінін уәде етеді. Осындай хабарламаларды пайдалана отырып, қаскүнемдер азаматтарды фишингтік сайттарға тартады, онда «шектеулі ұсыныс» немесе «соңғы мүмкіндік» деген желеумен азаматтарды жалған жобаға ақша салуға шақырады. Жалған платформаларда азаматтарды қайтадан қаржы салуға ынталандыру үшін «өсіп келе жатқан пайда» көрсететін жеке кабинеттің көрінісі жасалады. Нәтижесінде қаскүнемдер азаматтардың ақша қаражатына алдау жолымен қол жеткізеді.

Ең бастысы, білуіңіз керек:

цифрлық теңге – бұл ұлттық валютаның цифрлық түрі және заңды төлем құралы. Цифрлық теңге инвестициялық құрал болып табылмайды және пайда табуға арналмаған.

Қорғану үшін не істеу керек:

  • интернеттегі жарнамалық сілтемелерге өту және белгісіз нөмірлерден қоңырау шалу кезінде мұқият болу;
  • ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру;
  • қашықтан қолжетімділік қосымшаларын орнатпау;
  • жеке деректерді жарияламау;
  • SMS кодтар мен банк карталарының деректемелерін айтпау;
  • ақша қаражатын үшінші тұлғаларға аудармау.

Еске саламыз, Ұлттық Банк қызметкерлері:

  • аудио және бейнеқоңырауларды жүзеге асырмайды;
  • жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді;
  • әртүрлі пай инвестициялық қорларына және қаржы өнімдеріне қаржы салуды ұсынбайды;
  • ақша қаражатын сақтандырумен айналыспайды;
  • халықпен ақша есептесулерін жүргізбейді.

Егер сіз алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.

Қосымша кеңес алу үшін Ұлттық Банктің Контакт-орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.

 

Национальный Банк Казахстана предупреждает об участившихся случаях мошенничества, связанных с распространением ложных предложений об инвестициях с использованием цифрового тенге.

Злоумышленники активно распространяют в социальных сетях рекламу о «государственном инвестиционном проекте цифрового тенге», якобы гарантирующей за короткий срок высокую доходность и поддержку в лице государства и Национального Банка. Используя такие сообщения, злоумышленники привлекают пользователей на фишинговые сайты, где под предлогом «ограниченного предложения» или «последней возможности» призывают граждан вложить деньги в фиктивный проект. На поддельных платформах создается видимость личного кабинета с демонстрацией «растущей прибыли» для побуждения граждан к повторным вложениям. В результате злоумышленники обманным путем получают доступ к денежным средствам граждан.

Главное, что нужно знать:

цифровой тенге – это цифровая форма национальной валюты и законное платежное средство. Цифровой тенге не является инвестиционным инструментом и не предназначен для получения прибыли.

Что делать для защиты:

  • проявлять осторожность при переходе по рекламным ссылкам в сети Интернет и получении звонков с неизвестных номеров;
  • проверять информацию исключительно через официальные источники;
  • не устанавливать приложения удаленного доступа;
  • не раскрывать свои персональные данные;
  • не сообщать SMS-коды и реквизиты банковских карт;
  • не переводить денежные средства третьим лицам.

Напоминаем, что работники Национального Банка:

  • не осуществляют аудио и видеозвонки;
  • не обслуживают счета физических лиц;
  • не предлагают финансовые вложения в различные паевые инвестиционные фонды и финансовые продукты;
  • не занимаются страхованием денежных средств;
  • не проводят денежные расчеты с населением.

Если вы столкнулись с мошенническими действиями рекомендуем незамедлительно обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы Республики Казахстан.

Дополнительную консультацию можно получить в контакт-центре Национального Банка по короткому номеру 1477.

-