В последнее время участились случаи, когда мошенники вовлекают людей — особенно молодежь и пенсионеров — в незаконные схемы. За деньги они предлагают оформить банковскую карту и передать её третьим лицам. Также просят сообщить данные карты (16-значный номер на лицевой стороне, срок действия, трехзначный CVV/CVC-код) и логин от банковского приложения. Такие люди становятся «дропперами» — участниками преступной схемы по отмыванию и обналичиванию украденных денег.
Мошенники активно действуют через соцсети и мессенджеры. Они обещают лёгкий заработок, но на самом деле втягивают в преступление.
Важно: участие в схемах дропперства влечет за собой уголовную ответственность в соответствии с Уголовным Кодексом Республики Казахстан
Национальный Банк рекомендует:
* Никогда не передавайте свои банковские карты, их данные и доступ к мобильному банку другим лицам.
* Не ведитесь на предложения «лёгких денег».
* При малейших сомнениях обращайтесь в банк.
* При утере карты сразу блокируйте её и сообщайте в банк.
* Если кто-то настойчиво предлагает вам передать карту — сообщите в полицию.
Для получения консультации следует обратиться в Контакт-центр Национального Банка по короткому номеру 1477.
Костанайский филиал Национального Банка Республики Казахстан
Ұлттық банк ескертеді: алаяқтар жасөспірімдер мен зейнеткерлерді «дропперлік» схемаларға тартып жатыр
Соңғы уақытта алаяқтар адамдарды — әсіресе жастар мен зейнеткерлерді — заңсыз схемаларға жиі тарта бастады. Олар ақша үшін банк картасын рәсімдеп, оны үшінші тұлғаларға беруді ұсынады. Сонымен қатар картаның деректерін (16 таңбалы нөмірді, жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын) және мобильді банктің логинін айтуын сұрайды. Мұндай адамдар «дропперлерге» — ұрланған ақшаны заңдастыру және қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қылмыстық схемаға қатысушыларға айналады.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы белсенді әрекет етуде. Олар жеңіл табыс уәде етеді, бірақ шын мәнінде қылмысқа тартады.
Маңызды: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес дропперлік схемаларға араласқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Ұлттық Банк мынадай ұсыныстар береді:
* Банк карталарыңызды, олардың деректерін және мобильді банкке қол жеткізу мүмкіндігін ешқашан басқа адамдарға бермеңіз.
* «Жеңіл ақша» туралы ұсыныстарға сенбеңіз.
* Күмән туса — банкке хабарласыңыз.
* Карта жоғалған жағдайда — дереу бұғаттап, банкке хабарлаңыз.
* Егер біреу картаңызды табандылықпен талап етсе — полицияға хабар беріңіз.
Консультация алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы
Фото polisia.kz