Мәселен, биыл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы тасжолдарда 20-дан астам бағдаршам орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта оның 15-i орнатылды.
Қостанай облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 555 шақырымында (Тобыл қаласы) бағдаршам орнатылды;
Ақмола облысында:
"Астана қаласын айналып өту" тасжолының 46 шақырымында (Қызылсуат ауылы);
"Астана қаласын айналып өту" тасжолының 48 шақырымында (Тельман ауылы);
М-36 "Екатеринбург-Алматы" күре жолының 1234 шақырымында (Талапкер ауылы);
М-36 "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1283 шақырымында (Нұрлы елді-мекені);
М-36 "Екатеринбург-Алматы" трассасының 1289 шақырымында (Жібек жолы ауылы);
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тасжолының 17 шақырымында (Қосшы қаласы);
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 19 шақырымында (Қосшы қаласы) бағдаршамдар орнатылды.
Ақмола облысында қосымша тағы 6 бағдаршам орнату көзделіп отыр.
Батыс Қазақстан облысында
"Атырау-Орал" автожолының 322 шақырымында (Ілбішін ауылы) және "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 74 шақырымында (Тасқала ауданы) бағдаршамдар орнатылды.
Қарағанды өңірінде "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1484 шақырымында (Шахтер ауылдық округі) бағдаршам кешені орнатылды.
Павлодар облысында бағдаршамдар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының 435 шақырымында (Кенжекөл ауылы) және "Ленинский-Ақсу-Үлкен Ақжар-Курчатов" тасжолының 25 шақырымында (Ақсу қаласы) орнатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында бағдаршамдар "Петропавл қаласын айналып өту" автожолының 10 шақырымында (Лесхоз кенті) және "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 951 шақырымында (Бескөл кенті) орнатылды.