Қыстың ерекше суық кезеңінде абсолютті минимум -40 градусқа дейін жетеді, ал жыл сайын ауа-райының қолайсыздығы қардың түсуі бойынша жаңа рекордтар жаңартады.
Өңірде ұзындығы 358,1 шақырым болатын 261 қар басу қаупі жоғары учаскелер бар, олар жолшылардың ерекше бақылауында. Осы учаскелерде жолдарды тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда Республикалық маңызы бар жолдарды тазартуға 66 бірліктен астам мамандандырылған қысқы техника жұмылдырылған. Жолдарды қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материал себу және қар траншеяларын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1500 метр қардан қорғайтын қалқандар және 177 дана уақытша жол белгілері орнатылады.