Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов Әулиекөлде өрт тұтанған кезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бірден гуманитарлық көмек жинау бойынша ауқымды акция қолға алынғанын атап өтті. Барлығы 1200 тоннадан астам жүк жөнелтілді.
«Бүгін Республикалық штабтың мүшелері Әулиекөлге ең алдымен аудан тұрғындарымен кездесу үшін келді. Табиғи апаттың алғашқы күндері осы ауданға арнайы келген Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарына қиын жағдайды еңсеру үшін барлық көмек көрсетілетінін атап өтті. Ел аумағында «Қостанайға көмек» қайырымдылық акциясы бастау алды. Баспанасынан айырылған 91 отбасы күн суымай тұрып жаңа үйге кірді. Бұл – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі», – деп атап өтті Асхат Оралов.
Өз кезегінде, Әулиекөл ауданының тұрғындары қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.
«Жерлестерім абдырап қалды. Ертеңгі күніміз не болатынын білмедік. Бізге еліміздің барлық өңірінен көмек келіп жетті. Бұл – қазақстандықтардың бірлігінің белгісі. Қиын кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы қасымыздан табылып, мемлекет зардап шеккендерге жаңа баспана салып береді деп ол дәл осы залда айтты. Қазір осы жаңа үйлерде тұрып жатырмыз. Әрине, әулиекөлдіктер Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырады!», – деді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Нұрмұхамедов.
Өз кезегінде, облыстық мәслихаттың депутаты Альмира Жансүгірова мердігер компанияның кінәсінен коммуналдық инфрақұрылымды жүргізуге қатысты анықталған кемшіліктер жақын арада жойылатынын хабарлады.
Бұдан соң, Қостанайда өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, онда алдағы 7 жылдың ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын-үй салу жоспарланғаны, газдандыруды 60 пайыздық деңгейге жеткізу көзделгені және тағы басқа игі істер қарастырылғаны атап өтілді.
Сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмыспен қамту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін ССКӨБ, «Агромашхолдинг», «Баян Сұлу» және т. б. кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында талқылады.
Бүгін Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Рудныйдағы, Лисаковскідегі, Арқалықтағы, Денисовтегі, Қарабалықтағы, Федоровтағы және Қостанай облысында орналасқан өзге де аудандардағы сайлаушылармен 29 кездесу өткізді.
Тапсырыс беруші: М. Ж. Оспанов
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ. К. Тоқаевтың сайлау қорының қаражатынан төленді.