Ұлттық Банк жалған құжаттар мен реквизиттер пайдаланылатын алаяқтық схема туралы ескертеді

На правах рекламы

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарға ескертеді Ұлттық Банктің фирмалық бланкісін қолданып, жалған құжат тарату арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалар жиілеген.

Қаскөйлер Ұлттық Банктің атынан азаматтарға жалған хаттар жіберіп, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлайды. Сөйтіп, қаражатты қауіпсіз қайтару үшін ақша аударуды ұсынады. Кейбір жағдайларда алаяқтар ақша аударылғанын хабарлап, әртүрлі сылтаумен белгілі бір сомаға төлем жүргізу керек екенін айтады. Оның ішінде операцияны аяқтау үшін қаражатты тіркеп, декларациялау қажет деген сылтаулар бар.

Мұндай схемалар «инкассатор көлігіне тапсырыс беру және мекенжайға жеткізу» деген сылтаумен «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкері» қатысып отырғандай ұйымдастырылуы мүмкін.

Алайда сол құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен мөр бедері белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Ұлттық Банк еске салады:

— жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін

— қаржы көзін декларациялаумен айналыспайтынын

— халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін. 

Осыған байланысты ҚҰБ азаматтарды сақ болуға үндеп, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, таратылып жатқан сенімсіз ақпаратқа және тексерілмеген құжаттарға сенбеуге кеңес береді.

Алаяқтық схемаларға тап болған жағдайда тиісті арызбен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттік аясында Ұлттық Банк негізінен мемлекеттік органдармен, қаржы ұйымдарымен және басқа заңды тұлғалармен өзінің құзыретіне келетін мәселелер бойынша қызмет бабында ғана хат алмасады.

Азаматтармен өзара байланыс заңнамада белгіленген тәртіпте орындалады, оның ішінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін өтініштер қаралады.

  Ұлттық Банк жеке тұлғалармен мессенджер, электрондық пошта немесе әлеуметтік желі арқылы хат алыспайды.

Нацбанк предупреждает о мошеннических схемах с использованием поддельных документов и реквизитов

Национальный Банк Казахстана информирует граждан об участившихся случаях мошенничества, связанных с рассылкой поддельных документов, оформленных с использованием фирменного бланка Национального Банка.

Злоумышленники рассылают поддельные письма от имени Национального Банка, в которых сообщают гражданам о том, что они стали жертвами мошенничества, и предлагают перевести денежные средства якобы для их безопасного возврата. В других случаях мошенники уведомляют о поступлении денежного перевода и требуют внести определенную сумму под разными предлогами, в том числе в связи с необходимостью регистрации и декларирования средств для завершения операции.

Данные схемы могут быть реализованы с участием якобы «работников Агентства РК по финансовому мониторингу или Национального Банка Казахстана» под предлогом «заказа инкассаторской машины и адресной доставки».

Кроме того, электронная цифровая подпись (ЭЦП) и оттиск печати на указанных документах не соответствуют установленным требованиям.

Национальный Банк напоминает, что:

— не обслуживает счета физических лиц

— не занимается декларированием денежных средств

— не проводит денежные расчеты с населением.

Национальный Банк призывает граждан проявлять бдительность, не отправлять денежные средства на сомнительные счета, не доверять недостоверным рассылкам и непроверенным документам.

В случае, если вы столкнулись с мошенническими схемами, настоятельно рекомендуем обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы Республики Казахстан.

В рамках полномочий, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, Национальный Банк осуществляет служебную переписку преимущественно с государственными органами, финансовыми организациями и другими юридическими лицами по вопросам, относящимся к его компетенции.

Взаимодействие с гражданами осуществляется в установленном законодательством порядке, в том числе путем рассмотрения обращений, поступающих посредством информационной системы «Е-өтініш».

При этом Национальный Банк не осуществляет переписку посредством мессенджеров, электронной почты или социальных сетей с физическими лицами.

-